Қазақстанның төрт әскери гарнизонында 825 млн теңге сомасында ұрлық фактісі анықталды, деп хабарлайды Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Әскери прокуратура органдары Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге тексерулер жүргізеді. Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында 825 млн теңгеге жуық заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сегіз қылмыстық іс қозғалды", - делінген дүйсенбі күні тараған ақпаратта.
Қадағалау органында анықталғандай, тергеуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүргізіп жатыр.