Жаңа ғана журналист Махамбет Абжанның әйелі белгілі адвокатқа телефон соқты деп жазады Рaryz.kz.
Танымал адвокат Бауыржан Азановқа журналист Махамбет Абжанның жұбайы хабарласқан.
Таңертеңнен бері Махамбетке қатысты тінту және тергеу шаралары жүргізілуде.
Б.Азанов өзінің Facebook жеке парақшасында abzhan news арнасының журналисіне қорғаушы болуға келісім бергенін жазған. Бұл жерде адвокатқа істің ақ-қарасын айыруда сәттілік тілегендер бар.
М.Абжанның Telegram арнасындағы парақшасына қарағанда, журналист кешелі бері Нүкістегі соңғы оқиғаларды шығарып отырған.