"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы қазақстандық "Жібек жолы" кемесімен Украинадан астық экспортталып жатқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігі.
30 маусымда бірқатар басылымда қазақстандық "Жібек жолы" кемесімен Бердянск теңіз сауда порты арқылы Украинадан астық экспортталатыны туралы ақпарат жарияланды.
“KTZ Express" АҚ 2021 жылғы 26 қазанда "KTZ Express Shipping" ЖШС ресейлік Green Line LLC компаниясымен бербоут-чартер шартын жасасқанын түсіндіреді. Оның ішінде мынадай шарттар бар:
Әйтпесе, кеме иесі келісімшартты дереу бұзуға құқылы.
Айта кетейік, "Green-Line" ЖШС және оның басшылығы (Шепин А.В., Тихомирова М.В.) АҚШ, ЕО, Ұлыбритания және Канаданың санкциялық тізіміне енбеген.
Тәжірибеге және жасалған шарттарға сәйкес жалға алушы жүктің түрі мен оны тасымалдау бағыттары бойынша кеме иесімен келіспейді.
"Green-Line" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1999 жылдан бері астық және мұнай трейдері ретіндегі эстониялық Mangelbert OU компаниясымен Украинадан Түркияға астық тасымалдау қызметін көрсетуге ұзақмерзімді келісімшартқа отырды.
“Mangelbert OU басшысының айтуынша, 2022 жылдың 28 маусымында "Жібек жолы" кемесі Бердянск теңіз сауда портында (6 927,8 тонна) бидай тиеп, порттан Түркияның Қарасу порты бағытында шықты (болжалды уақыт бойынша кеменің келуі - 1 шілде). Сонымен қатар астықтың украиндық екені, ал тасымалдау украиналық тараптың өтініші бойынша келісілген гуманитарлық дәліз бойынша жүзеге асырылатынына сенімді”, – делінген хабарламада.
Бұл ретте "KTZ Express" АҚ осы тасымалдауға қатысушылармен, сонымен бірге дипломатиялық миссия өкілдерімен белсенді консультациялар жүргізеді.
"KTZ Express" АҚ қолданыстағы санкциялық шектеулерді қатаң сақтауға міндетті екенін жете түсінеді”, – деп қосты компаниядағылар.