LRT мен BRT салу Шымкент қаласының бас жоспарында бар: қала әкімі баяндады

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен Бас жоспардағы LRT және BRT салу қарастырылғаны туралы бүгін ОКҚ-да өткен брифингте қала басшысы Мұрат Әйтенов айтты деп хабарлайды Рaryz.kz .

LRT мен BRT салу Шымкент қаласының бас жоспарында бар: қала әкімі баяндады
Рaryz.kz

Шымкент қаласының бас жопары 2012 жылы бекіген. Алайда, Шымкенттің миллион тұрғыны бар ірі мегаполиске айналуына байланысты қаланың Бас жоспарына өзгерістер енген. 

«Қалада миллионнан астам адам тұрады. Биыл халықтың өсу динамикасын ескере отырып, өзгерістер енгізіледі. Бір ай ішінде қала тұрғындары ұсыныстарын беруге тиіс. Басқа елдерде LRT және BRT салынып жатқанын көріп отырсыздар. Сарапшылардың пікірінше, миллион халқы бар қалаларға балама траспорт қажет. Өйткені халық санының өсуі байқалады. Қазір ЛРТ және БРТ сызбалары дайындалып жатыр. Бұл мәселені Үкіметпен талқылаймыз. Біз LRT жобасы үшін инвесторларды тарту мүмкіндігін қарастырамыз», - деді Мұрат Әйтенов.

Қала басшысы жобаны жүзеге асыру қаланың ішкі мүмкіндігіне, инвесторлардың ұсынысына байланысты екенін жеткізді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бұл ұсыныстың жопарда барын,әйтсе де шешімді жариялауға әлі ерте екенін мәлімдеді.

Қала бюджетінің 47 пайызы әлеуметтік салаға жұмсалады екен. Соның нәтижесінде биылдың өзінде 140 балалар алаңы, жаңа мектептер мен стол залдары, ипподром салынбақ. Сөйтіп, қазіргі таңдағы мектептердегі үш ауысымдық жүктемені азайтып, келесі жылы екі ауысымға көшу жоспарланған.  Жұмыссыздықты азайту мақсатында биылдың өзінде 57 мыңнан адамда жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ету қарастырылған. 

Үй кезегінде тұрған баспанасыз 500 азаматтарға 500 млн теңгенің қайтарымсыз көмегі қарастырылған.