Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Базалық зейнетақыны өсіру жоспарланып отыр – министр

Қазақстанда базалық зейнетақы мөлшерін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді деп хабарлады Рaryz.kz turkystan.kz  сілтеме жасап.

Базалық зейнетақыны өсіру жоспарланып отыр – министр
ашық дерек көздерінен

Министрдің айтуынша, қазір зейнетке шығып жатқандардың зейнетақысы бұрын шыққан зейнеткерлермен салыстырғанда төмен, себебі еңбек өтілі аз.

«Сондықтан бірінші мәселе – базалық зейнетақының параметрлерін өзгерту, яғни оны көбейту. Екінші – ынтымақты зейнетақы мәселесін көтеру, оның да параметрлерін қарастыру. Біз барлық есебімізді жұмыс тобына өткіздік, енді екінші кезеңге шығып жатырмыз», – деді министр.

Айтуынша, еңбек министрлігі жыл сайынғы бюджеттің 25%-ін төлемдерге жұмсайды. Мәселен биыл ведомствоға 4 триллион теңге бөлінсе, келесі жылы 4,5 триллион теңгеден асады.

«Біздің барлық есеп-қисабымыз қаржы министрлігі, ұлттық экономика министрлігінің тиісті департаменттерінде қаралып, тексеріледі. Қазір бірінші кезеңді аяқтадық. Енді екінші кезеңде қаржы және ұлтттық экономика министрлері деңгейінде қарастырамыз. Одан кейін республикалық бюджеттік комиссияға шығамыз», – деді Дүйсенова.

Сондай-ақ министр зейнетақы аннуитеті арқылы зейнетке ерте шығу жүйесін жетілдіру мәселесі де талқыланатынын атап өтті.