Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Қазақстандықтар желтоқсан-қаңтар айларында 12 күн демалатын болды

31 желтоқсан әдеттегідей Қазақстанда ресми түрде жұмыс күні саналады.

Қазақстандықтар желтоқсан-қаңтар айларында 12 күн демалатын болды
фото: ашық дереккөз

Желтоқсан айында қазақстандықтар екі мерекені – ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Сонымен қатар, қаңтар айының алғашқы күндері де мерекелік демалысқа ұласпақ, деп хабарлады paryz.kz.

Нақты айтқанда, 1 желтоқсанда (сейсенбі) еліміз Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. 16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне орай демалыс күндері деп жарияланды. 20 желтоқсандағы жексенбілік демалыс 18 желтоқсанға (жұмаға) ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалады, ал жексенбі (20 желтоқсан) жұмыс күні болып жарияланды.

31 желтоқсан әдеттегідей Қазақстанда ресми түрде жұмыс күні саналады. Жаңажылдық мереке күндері жұмадан, яғни 1 қаңтардан басталады. 2 қаңтардағы мерекелік күн сенбімен сәйкес келетіндіктен, 4 қаңтар да (дүйсенбі) демалыс болып жарияланды. Осылайша, қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесінде тағы 4 күн қатарынан демалады.

7 қаңтарда (бейсенбі) – православтық Рождество мерекесіне сәйкес келетіндіктен, 2021 жылдың алғашқы айы тағы бір демалыс күнімен толығады.