Қылмыстық іс аясында 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, оған 920 миллион теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген кәдеге жарату алымының ақшалай қаражатын иеленген "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Муктарова Шнар Уралгазыновна күдікке ілінген.
Шнар Муктароваға іздеу жарияланды және оған қатысты сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Егер оның орналасқан жері туралы ақпарат болса, мына нөмірге хабарлауға болады: call-орталық 1424, +7 (7172) 909 260
Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (12 720 000 теңге) дейін сыйақы көзделген. Агенттік хабарламаның құпиялығына кепілдік береді.