"Елде басшылық қызметтерде отырғандары да бар": Маман Қазақстандағы Ислам дінінің теріс ағымдары жайлы айтты

Қазіргі уақытта Исламның радикалды ағымдардың белсенділігі тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл Орталық Азия мемлекеттерін алаңдатуда. Әсіресе, елімізде орын алған соңғы жағдайлардан кейін дінтанушылар бұл мәселеге мемлекет тарапынан көңіл аудару керек дейді. Қазіргі уақытта Қазақстанда 22 діни құрылым террористік деп танылған. Дәстүрлі дінге қатысты мәселелер жайлы жазады  Рaryz.kz Stan.kz сілтеме жасап. 

"Елде басшылық қызметтерде отырғандары да бар": Маман Қазақстандағы Ислам дінінің теріс ағымдары жайлы айтты
ашық дерек көздерінен

Теріс ағым өкілдерінің белсенділігі артуда

Бұған қоса имам Ислам дінінің ең қауіпті ағымдары жайлы да айтып өтті. Қазіргі таңда мұндай ағымдардың белсенділік танытуы алаңдатарлық жағдай дейді ол. 

“Қазақстандағы Ислам дінінің түрлі ағымдары керітартпа идеологияға негізделген деп айтсақ қателеспейміз. Солардың ішіндегі ең қауіптісі – "Такфири" жамағат. Несімен қауіпті дейсіз ғой? Олар намаз оқымайтын адамды "кәпір" деп атайды. Ал Қазақстанның Конституциясы мен заңнамасын "шайтани заң" дейді. Енді біздің заңымызды "шайтани", ал намаз оқымайтындарды "кәпір" деп айтатындардан не күтуге болады? Әрі елдегі көптеген оқиғаларға осы ағымдардың қатысы бар. Мәселен, Ақтөбедегі қанды оқиғаларды алып қарасақ та, "Такфири" жамағаттың ізі бар екенін байқаймыз. Сонымен қатар қаңтар оқиғасына да теріс ағымды ұстанғандардың қатысы болды деп айтылды. Алайда бұл әлі де нақты емес. 

Одан бөлек теріс ағымдардың ішінде сүлейменшілер өздерін "ақиқат жолында келеміз" деп айтады. Олар алдыңғы екі ағым өкілдері секілді басқаларға "кәпір" деп емес, жанашырлықпен қарайды. “Бейшара біздің деңгейге жете алмады” дейді. Қазір олар әлем бойынша медресе мен пансионат ашып, өз ағымдарын кеңейтуді көздеп отыр. Қазақстанның өзінде 50-60 пансионаты бар көрінеді. Ал орталықтары Түркиядағы Стамбұл қаласында орналасқан. Одан бөлек Қазақстанда “Мадхали”, “Гюненші”, “Нұршылар” деген сынды ағымдар бар”, – деді Руслан Қайыргелді.

Биліктегілердің арасында Исламның жат ағымының өкілдері бар

Руслан Қайыргелді билік өкілдерінің арасында теріс ағым өкілдері бар екенін де айтып қалды. 

“Мұндай ағымдарды ұстанушылардың кейбірі министрліктерде, денсаулық сақтау саласында, басқа да ведомстволарда лауазымды қызметте отыр.  Оларға бұрыннан "Дінге қызмет ету керек" деп сіңіріп қойған. Әсіресе, “сүйлеменшілер” өкілдері жетерлік. Бұлардан бөлек нұршылар мен сәлафиттер біздің билікте бар. Әзірге хабаши өкілдерін байқамадым", – дейді ол. 

Бұған қоса ол қоғамда Ислам туралы теріс түсінік қалыптасқанын атап өтті. Сөзінше, дәстүрлі дін ұстанушылары мен теріс ағым өкілдерінің ара-жігін ажырата білу қажет. 

“Қазір Радикалды Ислам деген тіркес жиі айталыд. Бірақ бұлай айту дұрыс емес. Ислам еш уақытта радикалды болмаған. Ислам бөлем, деструктивті ағымдар бөлек. Әр теріс ағым өз идеологиясын сіңіруді, ауызбіршілікті бұзуды көздейді. Қазір барлығы ақпарат айдынында соғысады, бұрынғы соғыс жоқ. Енді есіміз бен етегімізді жинау керек. Себебі бір шалыс қадам бізді теріс ағымның құрбанына айналдырады”, – деп түйіндеді Руслан Қайыргелді.