Атырауда егіз қыздар үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Атырауда 5 жасар егіздер үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Атырауда егіз қыздар үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті
ашық дерек көздерінен

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 маусым күні сағат 22:10-да Нұрсая ықшам ауданында орналасқан үйдің үшінші қабатынан 5 жасар егіз қыздар құлады. Олар москит торына сүйенгенде, ол қыздардың салмағын көтере алмаған. 

Қыздардың анасы көрші бөлмеде болған. Екі қыз да облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді. 

Құтқарушылардың айтуынша, көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар (80% жағдайда) осындай оқиғалардың құрбаны болады. Көп жағдайда терезеден құлау ересектердің салғырттығынан және жиһаздың терезеге жақын орналасуынан болады.