Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Қаңтар оқиғасынан кейінгі азаптаудан 6 адам қаза болған

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжіліс кулуарында журналистерге қаңтар оқиғасына қатысты анықталған соңғы жаңалықтарды айтты деп хабарлады Рaryz.kz turkystan.kz сілтеме жасап.  

Қаңтар оқиғасынан кейінгі азаптаудан 6 адам қаза болған
ашық дерек көздерінен

«Ресми мәлімет бойынша, қаңтар оқиғасында 232 адам, ал одан кейінгі азаптаулардан 6 адам қаза тапты. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр. Сондықтан қаза тапқандардың аты-жөні тергеу амалдары аяқталғаннан кейін жарияланады», – деді Әсет Шындалиев. 

Журналистердің «Шынымен 232 адамның тізімі белгілі ме?» деген сұрағына:

«Енді тергеу жүргізіп жатсақ, біз білетін шығармыз», – деп жауап берді прокурордың орынбасары.