Әкім қазіргі таңда автономды қазандығы бар 19 әлеуметтік нысанды (мектеп пен балабақша және медициналық мекемелер) газға көшіру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.
Елорданың жылу орталықтары ептеп газға ауыстырылып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды, деп хабарлады paryz.kz.
"ЖЭО-1 және ЖЭО-2 жұмысы ішінара газға ауыстырылды. Бүгін газ қазандықтары ресми түрде іске қосылды. Ол үшін бірнеше ай бойы жабдықтарды ауыстыру, қорғау, желдету және газ шаруашылығы жүйелерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Қалған қазандықтарды газға ауыстыру жұмыстары жалғасады", – деп жазды Көлгінов.
Сондай-ақ, әкім қазіргі таңда автономды қазандығы бар 19 әлеуметтік нысанды (мектеп пен балабақша және медициналық мекемелер) газға көшіру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.
Еске сала кетсек, жақында Алматы қаласындағы №2 жылу электр орталығының газға көшірілетіні хабарланған болатын. Оның жалпы шығыны 98 миллиард теңгедей болады.