Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақтөбеде оқушыны өлтіргені үшін жасөспірім 9 жылға сотталды

"Ұлым небәрі 17 жаста, оны істемеген қылмысы үшін соттауға рұқсат ете алмаймын. Онда төрт адамға 30 адам шабуыл жасады..." - дейді сотталушының әкесі.

Ақтөбеде оқушыны өлтіргені үшін жасөспірім 9 жылға сотталды
фото: aa.com.tr

Ақтөбеде сот 2019 жылдың күзінде кісі өлтірді деп айыпталған 17 жастағы жасөспірімге қатысты үкім шығарды деп хабарлады Stan.kz.

Іс материалдары бойынша, оған құрбысы сыныптасының ренжіткенін айтып, шағымданған. Осыдан кейін жігіттер мәселені шешпек болады, оның соңы төбелеске ұласқан. Төбелеске отызға жуық адам қатысқан. Оқиға Заречный-3 ауылында болған.

Төбелес кезінде 15 жасар жасөспірім мерт болды, сотталушы оны пышақпен жарақаттаған. Ол кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Төбелестің тағы бір қатысушысы 1 жыл 4 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Оған пышақ салған деген айып тағылды.

"Диапазон" басылымның хабарлауынша, қаза болған жасөспірім спортшы, еркін күрестен чемпион болған. Сотталушы өз кінәсін мойындамаған.

"Ұлым небәрі 17 жаста, оны істемеген қылмысы үшін соттауға рұқсат ете алмаймын. Онда төрт адамға 30 адам шабуыл жасады. Баламның адамды өлтіргені туралы дәлел жоқ. Саусақ іздері жоқ, ұлымның киімінде қан іздері, төбелес іздері жоқ", - деді сотталушының әкесі.