Шымкенттің шырайын жаңа аудан ашпақ

Шымкентте бесінші аудан құру жоспарлануда, деп хабарлайды Рaryz.kz kaztag.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Шымкенттің шырайын жаңа аудан ашпақ
ашық дерек көздерінен

 

«1. Шымкент қаласында бесінші аудан құрылсын. 2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және бесінші аудандарының шекаралары белгіленсін", - делінген Шымкент қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихат шешімінің жобасында.

  Қолданыстағы аудандардың шекараларынан басқа, қосымшада қаланың бесінші ауданының болашақ шекаралары сипатталған.


  "Бесінші аудан Шымкент қаласының батыс бөлігінде орналасқан. Бесінші ауданның шығыс бөлігі Әл-Фараби ауданымен шектеседі. Солтүстік бөлігі Абай ауданымен шектеседі. Солтүстік-шығыс бөлігі Қаратау ауданымен шектеседі. Бесінші аудан қаланың солтүстік-батыс бөлігінен "Жаңаталап" шағын ауданынан Үргінбай ата және Жанкелді батыр көшелерінің қиылысынан басталады. Одан әрі Жанкелді батыр көшесі бойымен Бадам өзенінің арнасынан оңтүстік-шығыс бағытта 18 300 м қашықтықта "Жаңаталап" тұрғын алабы, "Игілік" тұрғын алабы, "Қорғасын-2" шағын ауданы солтүстікке қарай айналып, одан әрі қарай Шардара көшесінің қиылысына дейін жетеді", - делінген қосымшада.