Энергетикалық сусындардан қауіпті консерванттар табылды - Санитар мамандар

Қостанай облысының сауда сөрелеріндегі энергетикалық сусындардан қауіпті консерванттар табылды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Энергетикалық сусындардан қауіпті консерванттар табылды - Санитар мамандар
ашық дерек көздерінен

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының сауда желісінде сатылатын өнімдердің қауіпсіздігін мониторингтеу қорытындысы бойынша "Кофеинмен және тауринмен Flash up energy" (163,3 мг/л) және "Monster Energy" (173,72 мг/л) алкогольсіз энергетикалық газдалған сусындардағы натрий бензоатының (Е211) артқанын анықтады.

Сусындарды өндірушілер "Балтика" "Сырақайнату компаниясы" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) және "Refresco Benelux B.V" (Нидерланды Корольдігі) компаниясы болып табылады. Азық-түлікті ұзақ уақыт сақтау үшін тағамдық қоспалар консерванттар ретінде қолданылады. Өнімдер партиясы сатылымнан шығарылды, ал жеткізушіге ішімдіктерді сату айналымынан алып тастау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Жүктілік кезінде құрамында натрий бензоаты бар тағамдар мен сусындарды қолдану ұсынылмайды, себебі бұл аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. Кейбір адамдарда консерванттың артық болуы локализацияланған қышу, жөтел, қызару, бөртпе, ісіну сияқты жеңіл белгілердің туындауы ықтимал. Натрий бензоаты организмде жиналуы мүмкін. Бұл, әсіресе, жасөспірімдерге қатысты.

Комитет Ресейдің "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын бақылау қызметіне" (Роспотребнадзор) осы өндірушілердің өнімдерін зертханалық күшейтілген бақылауға алу туралы хабарлама жіберді.