Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

"6 мектеп карантинге жабылды": БҚО-да 20 мұғалім коронавирус жұқтырған

Оның үшеуі бастауыш сыныпта жұмыс істейді.

"6 мектеп карантинге жабылды": БҚО-да 20 мұғалім коронавирус жұқтырған
фото: Қазақпарат

Батыс Қазақстан облысында 20 мұғалім коронавирус жұқтырған, деп хабарлады paryz.kz"Мой город" порталына сілтеме жасап.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, 1 қарашадан бері өңірде 45 бала COVID-19 жұқтырған. Оның 19-ы - 5-10 жастағылар.

"Балалардың 80 пайызында симптом белгілері байқалмаған. Олар коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған. 1 қыркүйектен бері облыста 6 мектеп карантинге жабылды, олардың үшеуі аудандарда орналасқан. 7 тәрбиеші мен олардың көмекшілері, әрі мектепке дейінгі мекемелердің 7 тәрбиеленушісі вирус жұқтырған", - дейді Нұрлыбек Мұстаев.

Сонымен қатар, ол 20 мұғалімнен COVID-19 анықталғанын атап өтті. Оның үшеуі бастауыш сыныпта жұмыс істейді. Мектептердегі 18 кезекші сынып карантинге жабылған.

"Ауру анықталған мектептер мен балабақшаларда дезинфекция жүргізілді, - дейді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары.