Елім деп елеңдеген азамат Бурахан Даханов Ұлттық құрылтайға қатыса алмаса да, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы оны тойдың төріне шығарды. Бұл туралы Burahan Daganov өз парақшасында жариялады деп хабарлайды Paryz.kz.
Дәм тартып, Ұлытау облысының құрылған күніне орай ұйымдастырылған ұлан асыр — тойда болдым. Той барысында Берік Әбдіғалиұлы ағамыз дастарханға арнайы шақырып, қонақ етті. Кездесу барысында Ұлытау облысының халық санының аздығы, бұл жаққа да адам көшіру керектігі жайлы ойлар айтылды. Бұйырса "TÁUEKEL" құрылып, ақпараттық базасы толықтырыла бастағанда Ұлытауға да себіміз тиер дедім. Ал, жаңа облысқа Тәңір жар болсын!!!
Өз басым, дәл қазір Muhambetrahim ағамыздың, Кененбай тоғаны, Көкмайса демалыс кешеніндемін. Ағамыз, Құдасын күткендей күтіп жатыр. Ризамын.
Бұйырса күн батпай тұрып Едіге би мен Тоқтамыс ханның басына барып тәу етемін. Ал, "TÁUEKEL".