"Эйр Астана" рейстерін кейінге шегерген. Бұл жөнінде Kozachkov offside жария етті деп хабарлайды Paryz.kz.
"Эйр Астана" рейстерін шегергендіктен, 200-ге жуық туристер Алматыдан Антальяға ұша алмай қалды.
Таңғы 06-00 Алматы әуежайына келген жолушылар кешкі 19-00-ге дейін рейстерін тапжылмай күтуге бел байлаған. Осыдан бір сағат бұрын әуе компаниясы мырзалық танытып, өз жолаушыларына бір-бірден сэндвич таратқан.