Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Құқықбұзушылық болған жоқ": 17 еркек зорлады деген жасөспірім оқиғасы

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында өткен жылдың мамыр бойында 17 еркек бірнеше күн бойы зорлады деген жасөспірім қыздың оқиғасы бойынша қылмыстық іс тоқтатылды.

Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаменті Экспресс К редакциясы жолдаған сұраныс хатқа жауап беру кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

"Құқықбұзушылық болған жоқ": 17 еркек зорлады деген жасөспірім оқиғасы
Сурет: ашық дереккөз

Редакция ведомствадағыларға қоғамдық резонанс тудырған оқиға бойынша бірнеше сауал жолдаған еді. Алайда департаменттегілер қысқа ғана қайырды.

"Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігімен (Зорлау) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Іс Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес, яғни, қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты өндірістен алынған. Бұл шешімнің негізділігі және заңдылығымен қадағалаушы прокурор келіскен" делінген ресми сауалға берілген жауапта.

Полиция департаменті редакция қылмыстық процеске қатысушы болып табылмағандықтан жолданған сұрақтарға қатысты өзге мәліметті беру мүмкіндіктері жоқ екендігін айтты.