Назарбаевтарға тиесілі зауыт кері қайтарылмақ деп хабарлайды Paryz.kz , Exclusive.kz-ке сілтеме жасап.
Назарбаев әулетінен қайтқан малда береке бар.
Дариға Назарбаеваның «күйеуі» Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысын дамытуға көмектесіп, ол жерге өз адамын қойғаны туралы айтылған.
Бүгін Қазақстан Үкіметі Шәріпбаевтың адамына тиесілі «GPC Investement» ЖШС компаниясының 100% акциясын мемлекет меншігіне қайтару туралы қаулы қабылдағаны белгілі болды.
Қашағандағы газ өңдеу зауыты мемлекеттік бюджет есебінен аяқталады.
Жазбада зауыт президенттің экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі тапсырмасы аясында мемлекет балансына берілетіні айтылған.
Зауытты 2023 жылдың IV тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.