Жанболат Ағаділді өлтірген жігіт кешірім сұрады (ВИДЕО)

"Астанаға жұмыс істеуге келгенмін. Досым шақырды, төбелесте пышақ ұрдым. Оның Ағаділ Жанболат екенін білген жоқпын", - дейді Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты видеода.

Кәмелетке толмаған Жанболат Ағаділді ұрып-соғып, өлтірді деген күдіктілер қамауға алынды, деп хабарлады nege.kz. 

10 қарашада сағат 22.56-да 102 шұғыл байланыс желісіне Көктал шағын ауданының Болашақ көшесінде болып жатқан жаппай төбелес туралы хабарлама келіп түскен.

"Қазіргі уақытта төбелеске қатысқан үшеу, оның ішінде адам өлтірді деген күдікке ілінгендер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілердің кінәсі жинақталған дәлелдемелермен дәлелденеді. Ағаділді ұрып-соғып, өлтірді деген күдіктілер аса ауыр қылмыс жасаған деп айыпталады. Тергеу барысы бақылауда, нәтижелері туралы қосымша хабарланады", - деді елордалық ПД өкілі.

Жанболат Ағаділді байқаусызда өлтірдім деген күдікті халықтан кешірім сұрады. Оның бұл видеосы желіде тарап үлгерді.

"Астанаға жұмыс істеуге келгенмін. Досым шақырды, төбелесте пышақ ұрдым. Оның Ағаділ Жанболат екенін білген жоқпын", - дейді Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты видеода.