Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

Головкин салмағында жұдырықтасатын Жәнібек келесі жылы әлем чемпиондары қатарына кіруге ниетті. 

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
фото: Prosports.kz

Орта салмақта WBO Global титулына ие қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) осы дивизионда WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарлоны (31-0, 22 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлады Vesti.kz.

Головкин салмағында жұдырықтасатын Жәнібек келесі жылы әлем чемпиондары қатарына кіруге ниетті. 

"WBC рейтингінде алтыншы. Дайын бол, Чарло, 2021 жылы жұдырықтасамыз" деп жазды Әлімханұлы Твиттерде.