Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Табысы қайырымдылыққа бөлінетін көлік жуу орталығы ашылды

Нұр-Сұлтанда жаңа көлік жуу орталығы ашылды, деп хабарлады Paryz.kz, Elorda.info-ке сілтеме жасап. 

Табысы қайырымдылыққа бөлінетін көлік жуу орталығы ашылды
Сурет: Elorda.info

Орталықтан түсетін табыстың 5 пайызы  ерекше қажеттіліктері бар балалардың еміне жұмсалады.

Елордада 25 жастағы әлеуметтік кәсіпкер Ханым Аганасова "Тигрица" көлік орталығын ашты. Бұл – оның қаладағы 3-қызмет көрсету орны.

2016 жылдан бері көлік жуумен айналысамын. Бұл уақытта мен қарапайым жұмысшы болдым. Уақыт өте бұл салада ақша табуға болатынын, бірақ қызмет сапалы көрсетілмейтінін түсіндім. Кейін көлік жуатын орынды алып жұмыс істей бастадым, - дейді әлеуметтік кәсіпкер.

Ол жұмысында сәтсіздіктер болғанын, 2020 жылдан бастап бизнеспен айналысуға шешім қабылдағанын жеткізді.

Сондай-ақ Ханым Аганасова қалай әлеуметтік кәсіпкер атанғанын түсіндірді.

Мен жалғызбасты әкелерге, аналарға көмектескім келді.Сондықтан өз кәсібімді ашқан кезде мұны қолға алдым. Мысалы, елорда әкімдігінен тиісті тізімді алып, адамдарға көмектесе бастадым. Сондай-ақ көлік жуу орталығына келген әрбір адам өзімен бірге ойыншықтарды алып келіп, оны әкімшіге тапсыра алады. Біз оларды мұқтаж жандарға береміз, - деді кәсіпкер.

Сондай-ақ ол түскен табысының 5%-ын "Жас жауынгер" дене шынықтыру клубына аударатынын жеткізді.

Бұл ақша сал ауруымен ауыратын баладардың еміне жұмсалады. Мен бұл балаларға шын жүрегіммен көмектескім келеді. Мен кәсіп арқылы тек отбасыңды асырап қоймай,  қайырымдылықпен айналысуға болатынын түсіндім, - деді Ханым Аганасова.

Сонымен қатар елорда әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі маңызды екенін атап өтті.

Ханым кәсіпкер болғанына қарамастан волонтер. Ол ерекше балаларды оңалтуға көмектесіп жатыр. Ханым көлік жуу орталығын ашсам, таза табысының 5%-ын балаларды оңалту орталықтарына беріп тұрамын деп мақсат қойған. Сондықтан біз әрқашан мұндай орталықтарды қолдаймыз", - деді басшы.