Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Түркістанда салмағы 6 келілік қыз бала дүниеге келді

Түркістан облысындағы №2 перинаталдық орталықта салмағы 6 келі болатын қыз бала дүниеге келді деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Түркістанда салмағы 6 келілік қыз бала дүниеге келді
Сурет: ашық дереккөз

Мамандардың сөзінше, бұл салмақ қалыпты жағдайдан екі есе үлкен екен. Дәрігерлер 30 жастағы келіншекті 13 маусымда кесір тілігі арқылы босандырып алған. Қазір ана мен балаға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Нәресте мен анасының жағдайы қалыпты. Алтыншы перзентін өмірге әкелген Нұрила Бөрікбаева қызының есімін Жұлдыз деп қойыпты.