Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ақтөбе тұрғыны балағат сөздер айтқан әйелін соттап тастады

Ақтөбе тұрғыны балағат сөздер айтқан әйелін сотқа беріп, 2 миллион теңге сұраған, - деп хабарлайды Paryz.kz, diapazon.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақтөбе тұрғыны балағат сөздер айтқан әйелін соттап тастады

Басылым мәліметінше, Хромтаудағы полиция департаментіне жергілікті тұрғын бұрынғы әйелін "Қорлау" бабы бойынша жауапқа тартуды талап еткен. Ол бұрынғы әйелі Telegram арқылы ар-намысы мен қадір-қасиетін түсіретін балағат сөздермен хабарлама жібергенін айтқан. Осы үшін моральдық шығын ретінде 2 миллион теңге сұраған. 

Сотта айыпталушы бұрынғы күйеуінің анасы оған өшпенділік танытқанын мойындады. Нәтижесінде сот әйелді қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 61 260 теңге айыппұл салды. Сондай-ақ, ол моральдық шығынды өтеу ретінде бұрынғы 32 000 теңгені және осы іс бойынша адвокат қызметіне жұмсаған 150 000 теңгені төлеуі керек.