Психолог Серікгүл Сәли "Балама сана бер, сана бермесең ала бер" деген сөз туралы өзінің психологиялық ойын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Caravan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ол отандық бағдарламалардың бірінде айтты.
"Сана балада бар болып тумайды. Оны ата-ана қалыптастырады. Оны сен қалыптастырсаң, ол балаңда бар, қалыптастырмасаң ол жоқ. Содан кейін ол өз баласын қарғайды. "Балама сана бер, сана бермесең ала бер" деп. Ол қарғысына ұшырап жатыр. Қазір әркім өз баласын өзінің білгенінше тәрбиелейді. Есіртіп жатыр, ессіз қылып жатыр, тентіретіп жатыр. Қазақтың бір жақсы жамылатын сөзі бар "Ойбой біздің бала ерке". Ерке деген сөздердің астарында "менің балам тәрбиесіз" деген сөз бар. Сондықтан кімде кім баласын баласын "ерке" деп айтып тұрса, онда оның баласы "тәрбиесіз" деп бірден қорытынды жасауға болады", - деді психолог Серікгүл Сәли.