Бейтаныс жігіт мешітке келушілер дәрет алатын орынды тазалап жүрген қызметкер қарияға тосынсый жасаған. Ол ер адамды әңгімеге тартып, артынша оған қажылықтың сертификатын табыстады, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Тосынсыйды күтпеген мешіт қызметкері еріксіз көзіне жас алды.
"Жүрегі мешітке байланған деген – бес уақыт намазын мешітте оқыған адам емес, осы жерде қызметте болған адам. Алла тағала сізді қасиетті жерге қонаққа шақырып жатыр. Мынау сізге сертификат. Үлкен қажылыққа лайықтысыз. Маған алғыс айтпаңыз, Аллаға рахмет айтыңыз, біз жәй ғана себепкерміз. Жылап алыңыз, бұл қуаныштың көз жасы", – деді бейтаныс жігіт.
Көптің көзіне жас үйірген бейнежазбаны айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.