Балқашта бір ғимарат опырылып, ортасына түсті

Төрт ер адам - ​​көлік жөндеу шеберханасының жұмысшылары дәрігерлердің тексерулерінен кейін үйлеріне жіберілді.

Балқашта бір ғимарат опырылып, ортасына түсті
Фото: дереккөз

Балқашта қараусыз қалған ғимарат опырылып, ортасына түсті деп хабарлады paryz.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шамамен 360 шаршы метрді құрайтын қабырға құлады.

"Опырылу кезінде ұшқан кірпіш сынықтарынан ескі ғимаратқа іргелес орналасқан көлік жөндеу бекетінде болған төрт адам түрлі дене жарақаттарын алды", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Сонымен қатар, жақын орналасқан көлік жөндеу шеберханасының шатыры, қабырғасы, терезе саңылаулары, құрал-жабдықтармен бірге үш автокөлік бүлінді.

Төрт ер адам - ​​көлік жөндеу шеберханасының жұмысшылары дәрігерлердің тексерулерінен кейін үйлеріне жіберілді.

Қазір оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда.