Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Bek Air ісіне қатысты сот үкімі шықты

Алматы облысына қарасты Талғар ауданында бұрын әкімдікте істеген бірнеше лауазымды тұлға сотталды.

Bek Air ісіне қатысты сот үкімі шықты

Іс материалдарына сәйкес, 2017-2019 жылдары сотталушылар Қызылту ауылынан тыс жердегі мемлекет меншігіндегі бос жерлерді иеліктен заңсыз шығарған, деп хабарлайды Paryz.kz сайты Экспресс К. сілтеме жасап.


Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы обылысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Талғар ауданы сотының 2022 жылғы 10 маусымдағы үкімімен:

1. Талғар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрынғы бастығы, ауданның бас сәулетшісі Марат Рыспеков — 6 жыл;

2. Талғар ауданы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығы Мақсат Тыныбай 6 жыл 3 ай;

3. Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі Нұрғали Аппазов — 8 жыл;

4. Панфилов ауылдық округі әкімінің бұрынғы орынбасары Құрманхан Галиеваға — 5 жыл бас бостандығынан айырылды.

Ал Талғар ауданы жер қатынастары бөлімі бастығының бұрынғы міндетін атқарушы Мадияр Қадыржан "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" ҚР Заңына сәйкес бас бостандығын шектеу түріндегі негізгі жазадан босатылды.

Барлық сотталушылар мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Айта кетейік, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Bek Air әуе компаниясының ұшағы сәтсіз ұшу әрекетінен кейін бетон дуалға құлап, Алматы маңындағы жеке үйді қағып кеткен болатын. Бортта 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған.

Ұшақ апатынан 12 адам қайтыс болды, 69 адам жарақат алды.

2020 жылы Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық істі тергеумен қатар Талғар ауданы әкімдігінің шенеуніктеріне қатысты жер учаскелерін заңсыз беруге және жер учаскелерінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгертуге байланысты екінші қылмыстық іс ашты.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.