Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«30 жыл бойы террорист дайындадық» - Светқали Нұржан

Күллі Қазақстан аумағын есептесек қаңтар оқиғасы кезінде террорист 20 мың емес, одан да көп арам ниеттілер кіруі мүмкін. Ақын Светқали Нұржанов «Сұрауы бар» YouTube арнасында журналист Ербол Сейілханға сұхбат беріп, Президент аузынан жалған ақпарат шықты деп даурыққандарға жауап берді.

«30 жыл бойы террорист дайындадық» - Светқали Нұржан
Сурет: Видеодан стоп кадр

«Деструктивті ағым өкілдерін кедергісіз кіргізіп, 30 жыл бойы мемлекеттің, халықтың қаражатына сыңғырлаған мешіттер салдық. Оған қоса, теріс діни ағым жетегінде жүргендерге төрімізден телеарна ашқыздық. Сөйтіп 30 жыл бойы өзіміздің іргемізге бомба қоятын террорист дайындап, мемлекеттің тәуелсіздігіне қатер төндірттік. Мұрның бәріне көз жұмып қарадық», - дейді ақын.

Ақын мұның бәріне теріс діннің ағымын елге кіргізіп, өзге мемлекетке табындырып қойған елес сұлбаның ықпалымен жүруінің кесірі болды деп есептейді. Қателіктің кетіп жатқанын кезінде шырылдап тұрып айтқандардың бірі өзім болдым дейді ақын. 

«Мен өзімді ерге жатқызбаймын. Бірақ 23 жыл бойы бұл туралы айтып жүрдім. Сол үшін жеке газет те ашып, 12 жыл шығардым. Бірақ мықты күштің қолымен оны жапқызды. Әуелі құдай, сосын осы күшке қарсы күресті ұйымдастырып берген адамдардың ішінде өзімнің бар болғаныма шүкір етемін. Бұрын біз ғана шырылдайтын едік, қазір күллі қазақ баласы қосылып, қарсы иммунитет қалыптасты», - деп жалғады сөзін.

Ақын нәтижесінде қарынның сұрауымен ғана жүретін идеологиямен мемлекет құрылды деген ойын да ашық айтады.

«Ол кездегі билік бәрін білді. Бірақ  билік жүрекпен емес, қарынның сұрауымен қызмет атқарады. «Экономика бірінші, нан болса, ән болады» деген тозығы жеткен идеологиямен идеологиясыз мемлекет құрдық. Бір құдай баққан ел болдық. Міне, соның нәтижесі - күллі Қазақстанда террорист 20 мың емес, одан да көп болуы мүмкін», - дейді.

Ақын Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы әскерінің Қазақстанға кіруі бойынша да алдағы уақытта біраз шындықтың ашылуы тиіс екенін меңзеді.

«Содан кейін сыртқы күштердің кіргендігі туралы да көптеген деректер бар. Оның анық-қанығы ертең шығады. Шетелден келгендердің ОДКБ әскері кірген кезде Қазақстаннан шығып кеткендігі туралы да арнайы азаматтардың ақпараттары жиналған. Сондықтан Президентті өтірік айтты деп астарлап, «оңбағандар» ауызына салып араңдатты деудің қажеті жоқ», - дейді Светқали Нұржан.