Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Назарбаевтың желеуіменен, Қайрат Сатыбалдының жебеуіменен Тілеуханның демеуімен» - Белгілі ақын Мұхамеджан Тазабекке жауап берді

Ақын Светқали Нұржан Мұхамеджан Тазабекке не үшін шүйліккенін түсіндірді. «Сұрауы бар» YouTube арнасының жүргізушісі Ербол Сейілханның: «Қатты кеткен жоқсыз ба?» деген сұрағына, «Қайта жетпей қалды ма деп ойлаймын», - деді жауап берді. Ұлт жанашыры Тазабек халық алдында ақталуы тиіс деп есептейді

«Назарбаевтың желеуіменен, Қайрат Сатыбалдының жебеуіменен Тілеуханның демеуімен» - Белгілі ақын Мұхамеджан Тазабекке жауап берді
Сурет: Видеодан стоп кадр

«Сауд Арабиясының қаржысымен «Асыл арна» деген телеарнаны ашып қойып, Назарбаевтың желеуіменен, Қайрат Сатыбалдының жебеуіменен, Тілеухановтың демеуімен теріс үгіт жүргізген мен емес қой? Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың құтты кесенесін экранға қайта-қайта отқа орап салып, мүшіріктердің пірі тозаққа жанып жатыр деп ишаралады күнде. Осының бәріне ол мен осындай қате жібердім деп ақталған жоқ қой ұлтының алдында» - деді ақын.

Әлеуметтік желіде қызу таласқа айналған ақындардың тартысын тоқтатпақ болған жанашырлар да болыпты. Мұхамеджан Тазабек басқарған телеарнаның контенті мен қаржылық есебі қайта қаралып, заңды бағасы берілуі тиіс  дейді ол.

«Олардың артында қатерлі, қаһарлы күш тұр ғой. Оны 30 жыл бойы көрдік қой. Кешегі Шұбаршыда мемлекетпен соғысқан, Балқаштың, Ақтаудың түрмесінде, Таразда, Алматыда қырғын салған осы күш қой? Сирияға, Иракқа кеткен сорлы бауырларымыз, Ауғанстанда «жихат, ширк» деп жүрген, айналамызда қаптап жүрген сақалы ұзын, балағы қысқа, ақыл-естен жұрдай бауырларымыздың, қара жамылып жүрген қарындастарымыздың біреу жауабын беруі керек қой» - деді ақын.