Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Қазақстанда 454 мыңнан астам адам жұмыс таппай сенделіп жүр

Оның 25%-ы – сауда қызметкерлері, 21,4%-ы – білім, 10,3%-ы – басқа қызметтер (шаштараздар, сұлулық салондары, ұсақ тұрмыстық қызметтер) көрсету саласы.

Қазақстанда 454 мыңнан астам адам жұмыс таппай сенделіп жүр
фото: mediaovd.kz

2020 жылдың 3-тоқсанында 8,7 млн адам жұмыспен қамтылып, 6,7 млн адам жалдамалы қызметке кіріскен. Ал жұмыссыздар саны – 454,8 мың адам, деп хабарлады paryz.kz.

Қазақстанның еңбек нарығына COVID-19 пандемиясы қатты әсер етуде. 2020 жылдың 2-тоқсанымен салыстырғанда, қызметтің тоқтатылуына байланысты уақытша жұмыссыздар саны 52%-ға төмендепті. Бірақ, әлі де мыңдаған адам "екі қолға бір күрек таппай" жүр. Оның 25%-ы – сауда қызметкерлері, 21,4%-ы – білім, 10,3%-ы – басқа қызметтер (шаштараздар, сұлулық салондары, ұсақ тұрмыстық қызметтер) көрсету саласы.

Қазір жұмыспен қамту орындарында биылғы қазан айының соңында 222,4 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күші санының 2,4%-ын құрады.