Балконның шетінде тұрып видео түсірген балалар 15 қабаттан құлап кете жаздады, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Видеодан екі баланың балконға шығып, бірі камера алдында түрлі қимыл жасап, екіншісінің телефонға түсіріп жатқанын көруге болады. Бейнежазба авторының айтуынша, аталған жайт Нұр-Сұлтан қаласындағы "Жеті Жол" тұрғын үй кешенінде болған. Видеоға түсіріп болған соң екеуі де ішке кіріп кетті.