Саясат Нұрбек жаңадан құрылған Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін Саясат Нұрбек Мәжіліс депутаты болған. Сонымен қатар BTS Digital білім беру жобасын басқарып, BTS Education бас директоры болған еді. "Нұр Отан" партиясының Қоғамдық Саясат Институтының директоры, Білім және ғылым министрлігінің "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Президенті болып жұмыс істеген.