Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

"Сені сындыру оңай": Дулат Мұхаметқалиев қазақ тіліне қатысты пікірін айтты

Елімізде танымал "Ninety one" тобының мүшесі Дулат Мұхаметқалиев (ZAQ) қоғамдағы қазақ тіліне деген көзқарасты қалайша өзгертуге болатынын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Сені сындыру оңай": Дулат Мұхаметқалиев қазақ тіліне қатысты пікірін айтты

Оның айтуынша, тіл дегеніміз — кез-келген елдің жаудан қорғайтын қалқаны.

"Ninety one" тобы зamandas деген подкастта сұхбат берді. Сұхбат барысында ZAQ лақап атымен танылған Дулат Мұхаметқалиев ел мен қоғамдағы тілге деген қарым-қатыс туралы пікірін айтты.

Тіл дегеніміз — сана мен дүниетанымның коды, кілті. Егер сенің тіліңді сындырып тастаса, онда сені де сындыру оңай. Сондықтан тіл сені, халқыңды, мәдениетіңді қорғайды,

— дейді Дулат.

Оның айтуынша, кез-келген ұлттың мәдениеті мен дүниетанымын түсіну үшін бірінші кезекте сол халықтың тілін меңгеру қажет.

"Басқа халықтың тілін үйрене отырып, сен оның кодын бойыңа сіңіре бастайсың. Сөйтіп, ол сенің бір бөлігіңе айналады. Ондай адам ертең сол халыққа, сол тілге қарсы шықпайды, жау болмайды, зиян тілемейді. Мемлекеттің қорғаны тіл деп отырғаным осы. Сондықтан да біз үшін қазақ тілі өте маңызды. Ал оның насихаттау бұқаралық ақпарат құралдарының, біз сияқты әртістер мен мәдениет саласының басқа да адамдарының қолында", — дейді әнші.

ZAQ-тың айтуынша, қазақ тілін барынша кең насихаттау үшін оны сәнді тілге айналдыру керек.

Қазақ тілінде сөйлеу ұят емес, ол заманға сай зат деген ұғымды барынша тарату керек. Орысша ойлап, сөйлейтіндерді қинаудың да қажеті жоқ. Оларға қайта қолдау көрсетіп, күлмей, талпынысын қолпаштап отыру керек сияқты,

— деп қорытындылады Дулат Мұхаметқалиев.