Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскердегі сарбаздар өлімінің жиілеуіне қатысты пікір білдірді.
Ол бірінші кезекте жас жігіттердің өзіне қол жұмсаған себебін алдымен түсініп алу керектігін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Бірінші кезекте, жастардың өз-өзіне қол жұмсауының себептерін түсінуіміз керек. Бұған тек армия ғана кінәлі емес,
— дейді Руслан Жақсылықов.
Сарбаздың әскерге келгені анық, ал командир әскери қызметшілердің өміріне жауапты деп отыр.
Алайда, ол адам әлдеқашан есейіп, пісіп-жетілгенін ескеруіміз керек. Яғни азаматтық қоғамнан келген. Оның армияға барар алдында өз проблемасы болған,
— деді министр.