Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

"Жағымпаздық ұлтттық құндылыққа айналып кетті" – Айбар Олжай

Белгілі медиа маман Айбар Олжай қазақ қоғамының дертіне айналған жағымпаздыққа аға буын кінәлі деп есептейді. Бұл туралы ол «Сұрауы бар» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

"Жағымпаздық ұлтттық құндылыққа айналып кетті" – Айбар Олжай

«Қазақстан 30 жылын осы жағымсыз құбылысқа жұмсады. Біздің аға буын – ол қазір алпыс-жетпістегі ағаларымыз. Осы аға буынның істеген еңбектерін әрине жоққа шығаруға болмайды, бірақ осы буын жағымпаздықты бір ерекше деңгейге көтеріп, дамытты. Қоғамның орта табы жетістікке жетудің төте жолы ретінде қолданған жағымпаздықты басшылық қызметтегі тұлғалар жылы қабылдады. Соның кесірінен қазақтың «дат» айту, бетке айту сынды еркіндігі жоғалды. Оның орнына – жағымпаздық құндылық ретінде тұрмысымызға сіңісіп кетті», - дейді Айбар Олжай.

 «Қазақтың өзіне тән сыйластығы бар. Ол біздің ұлттық ерекшелігіміз, құндылығымыз. Жағымпаздықты осыған синтездеу, араластыру процессі жүрді. Ол ұлтымызға жасалған шабуыл болды. Жағымпаздың барлық салаларымызға, буындарымызға, өміріміздің барлық жақтарына енді. Ең қауіптісі ол ұлттық құндылық ретінде қабылданып кетті. Ұлттың сыйластық қасиетін жағымпаздықтан ажыратып алу керек» - деді маман.