Бұл туралы ақпарат Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz, turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
«Қар барысының ұрғашысы және оның бір жасар аланы «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінің бейнетұзағына ілінді. «Қызыл кітапқа» енген жануар бұған дейін де фототұзаққа бірнеше рет түскен болатын», – делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарламасында.
Наурыз айында Шымбұлақ тау-шаңғы курортында қар барысы тау етегіне түскен болатын.
Бұған дейін таудан түскен ілбісті Кербұлақ тұрғындары табиғи ортасына қайтаруға себепші болған еді.
Ілбіс (қар барысы) Үкіметтің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1034 қаулысы бойынша сирек кездесетін және құрып кету қаупі төніп тұрған жануарлардың тізіміне енгізілген.