Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Сасып қалды": Полиция формасын киген алаяқ саябақта қыдырып жүріп ұсталды

Тәртіп сақшысының кейпіне енген 19 жастағы жігіт Тараздағы саябақтардың бірінде емін-еркін қыдырып жүріпті.

Кейін анықталғандай ол бұрын да осындай әрекеті үшін жауапқа тартылған екен, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Сасып қалды": Полиция формасын киген алаяқ саябақта қыдырып жүріп ұсталды

Тәртіп сақшылары Тараздағы Тұрар Рысқұлов атындағы саябақтың аумағын бақылау кезінде полиция формасындағы күдікті жас жігітті байқаған. Саябақта серуендеп жүрген ол "әріптестерін" көрген сәтте сасып қалыпты.Тексеру барысында жалған полицейдің Түркістан облысының тұрғыны екені анықталды. Ұсталған азаматтың осындай қылмысы үшін 2022 жылдың сәуір айында Шымкент қаласында сотты болғаны белгілі болды.Ол кезде жас жігіт ТЖД қызметкерінің киімін киген екен. Қазір оның мұндай қадамға қандай мақсатпен барғаны анықталып жатыр.

ҚК 390-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясы 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді,

— деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.