Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Ниетіңе қарай": Таксист айына 1 млн-нан астам таза табыс тапқан

Бұл туралы Дәулеттен есімімен танымал блогер Дәулет Төлеутайұлы Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Ниетіңе қарай": Таксист айына 1 млн-нан астам таза табыс тапқан

"Таксист болып, 1 миллионаннан астам ақша табуға болады. Көлік жүргізіп, дәл осындай табысты менің бірнеше оқырманым табуда. Әрекетке берекет деген осы. Бастысы, адал еңбек. Жалқаулық жаратқанға ұнамайды. Тірі адам тіршілік етуі керек", — делінген жазбада.

Дәулет Төлеутайұлы жазбасына дәлел ретінде видео да жүктеген. Онда такси қызметінің қосымшасында бір айда тапқан табыс көлемі жазылған. Ондағы мәліметте 1 миллионнан астам теңге бір айдағы таза табыс екені айтылады. Қосымша арқылы такси қызметін көрсеткені үшін жүргізушіден 289 351 теңге көлемінде комиссиялық пайыз ұсталған.

Бұл ақпаратты оқыған желі оқырмандарының пікірі екіге бөлінді. Бірі қарапайым таксиші болып айына мұнша табыс табу мүмкін еместігін жазса, енді бірі еңбек етсе, бәрі де мүмкін екенін алға тартты.

"Сену қиын", "Таза өтірік мынау. Көлігің бұзылмайтын, өзің робот, бала-шағаң су ішпейтін біреу болмасаң, адам тасып мұнша ақша жинай алмайсың", "Қазір "жұмыс жоқ" деп жату жай ғана сылтау. Кейбір мүмкіндігі шектеулі жандардың өзі табыс тауып жүр", "Мүмкін. Біздің күйеу таксист болып жүріп Алланың қалауымен үй салып алдық", "Жасаймын деген адам бәрін жасайды. Құдай ниетіне қарай береді. Өз ісіне тиянақты адамның бірі болып тұр ғой. Жарайсың", "Мына такси жүргізушісі сонда ұйықтамай ма?" деп жазды желідегілер.

Желі қолданушыларының көбі мына ақпараттан кейін такси жүргізушілеріне салынатын салық құны өсіп кете ме деп алаңдаушылық білдірді.