Арман Оспанов UFC-де өнер көрсетуі мүмкін

Ал оның командасы спортшының алдағы жекпе-жекке дайындалып жатқанын ғана айтып, өзге ақпарат таратпады. 

Арман Оспанов UFC-де өнер көрсетуі мүмкін
Фото: ашық дереккөз

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Арман Оспанов жақында әлемнің ең әйгілі промоушені UFC ұйымымен келісімшарт жасауы мүмкін деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылым мәліметінше, спортшы өткен аптада АҚШ-тың Лас-Вегас қаласына ұшып барған. Әлеуметтік желілердегі суреттеріне қарағанда Оспанов қазір UFC өкілдерін дайындайтын UFC Performance Institute институтында жүр. Сонда аралас жекпе-жек шебері ұйым басшыларымен келіссөз жүргізуі әбден мүмкін.  Осы жылдың тамыз айында Оспанов UFC ұйымымен күзде келісімшартқа отыратынын жеткізген еді. Отандасымыз UFC ұйымымен келісімшарт жасап қоюы да ықтимал. Ал Арман Оспановтың командасы спортшының алдағы жекпе-жекке дайындалып жатқанын ғана айтып, өзге ақпарат таратпады. 

Айта кетейік, UFC-де Қазақстанның атынан Жалғас Жұмағұлов, Шавкат Рахмонов, Мария Aгапова, Сергей Марозов сынды спортшылар өнер көрсетеді. Еске салсақ, 25 қазан күні Абу-Дабиде өткен UFC 254 турнирінде қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC промоушеніндегі алғашқы кездесуін сәтті өткізді. Ол бразилиялық Алекс Оливейраны бірінші раундта жеңген болатын.

 

https://www.instagram.com/p/CHNRB8_HbSF/