Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматылықтар саябаққа Назарбаевтың есімін беруді құп көреді

Олар президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа хат жазған.

Алматылықтар саябаққа Назарбаевтың есімін беруді құп көреді
фото: дереккөз

Медеу ауданындағы Самал-3 шағын ауданының тұрғындары саябақ құрылысына тыйым салып, оған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді сұрады, деп хабарлады paryz.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Саябақ Меңдіқұлов пен Қажымұқан көшелерінің қиылысында орналасқан. Жақында аймақ қоршалған болатын. Ол жерде кеңсе және тұрғын үй салынбақ. Жергілікті тұрғындар әкімдікке құрылыс жұмыстарына байланысты шағым түсірген, бірақ, мұнымен тоқтамаған. Олар президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа хат жазған. Хатта тұрғындар құрылыс жұмыстарын тоқтатып, аумаққа елбасы есімін беруді сұрапты.

"Алматыда саябақ бар, бірақ, Қазақстанның тұңғыш президенті атындағы саябақ жоқ. Көптеген дарынды адам қатыса алатындай конкурс жариялауға болады. Бұл жерге Самал-3-тің көптеген тұрғыны келеді. Жақын маңда қонақүй бар және шетелдіктер осы жерде демалғанды жақсы көреді. Себебі, бұл – айналадағы жалғыз жасыл аймақ", - делінген тұрғындардың хатында.