Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

Ақтөбе облысының әкімдігі Қасым, Жомарт, Кемелге арнайы сыйлық апарып берді

Ақтөбе облысының әкімдігі үшем босанған ананы құттықтады.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысының әкімдігі Қасым, Жомарт, Кемелге арнайы сыйлық апарып берді

Облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова үшемнің анасы Қарлығаш Жармағамбетованың үйіне барды. Ананы құттықтап, сәбилердің деніне саулық тіледі.

Сондай-ақ облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің құттықтауын жеткізіп, екі және бір орындық арбалар сыйлады. Көпбалалы отбасыға мемлекет қарастырған барлық әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетінін атап өтті.​

Мамыр айының соңында облыстық перинаталдық орталықта Қасым, Жомарт, Кемел есімді үшем дүниеге келді. Сәбилердің анасы экстракорпоральді ұрықтандыру арқылы жүкті болған. Бұл Қардығаш Жармағамбетованың екінші жүктілігі. Үшемнен бөлек 13 жастағы қызы бар. Дәрігерлердің айтуынша, сәбилердің жағдайы қалыпты.