«Стамбұл-Ақтау» рейсінің жолаушысынан заңсыз тасымалданған зергерлік бұйымдар анықталды, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
«Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Ақтау халықаралық әуежайында «Стамбұл-Ақтау» рейсінің жолаушысы – Қазақстан азаматынан 82 дана декларацияланбаған зергерлік бұйымды анықтады. Жолаушы «жасыл дәліз» арқылы өтіп, кедендік рәсімдеуге жататын тауарлардың бар екенін айтпаған. Бұйымдар кедендік тексеру барысында табылған», – дейді департамент.
Аталған факт бойынша тауартану сараптамасы жүріп жатыр.