Оқыс оқиға Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында болған.
Алты жасар балаға құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар көмек көрсетті, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап.
"Бала көшеде ойнап жүріп, бетон плиталардың арасына түсіп кетіп, қайта шыға алмай қалған. №18-ӨСБ қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар көмекке шұғыл жетті. Алдымен олар бетонды бөлшектеу үшін жүк тиегіш техника мен кранды алдырмақ болды. Алайда бала жылап, ойланып тұруға уақыт болмады", — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі