Ұлттық статистика бюросы бүгінгі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай статистика жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
«Өткен жылы елімізде 446 491 мың сәби дүниеге келді. Бұл – 2020 жылмен салыстырғанда 4,6%-ға көп және соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш», – дейді бюро.
Бүгінде елімізде 18 жасқа дейінгі 6 485 507 бала бар. Олардың 51,5%-ы ұл болса, 48,5%-ы – қыз.
Бала саны ең көп аймақ – Түркістан облысы, ең аз – Солтүстік Қазақстан облысы, – делінген ақпаратта.