Сәбиін баспанамен қамтамасыз ету – бүгінде әрбір қазақстандықтың арманы. Алдағы уақытта аз-кем қаржы жинап, бала кәмелетке жеткенде ең төменгі пайыздық өлшеммен ипотека алуға мүмкіндік пайда болды, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Баланың небәрі 2 пайызбен несие алуы үшін бастапқы жарнаны қазірден жинай беру керек.
"Отбасы банкінің" балаларға арналған "Арнау" депозиті арқылы несиені 10 жылдан кем емес мерзімге алуға болады.
"Арнау" депозитін кем дегенде 10 жылға ашқан тиімді. Оған ақшаны аздап болса да салып отыруға болады. Балаңыз есейгенде ең төменгі пайызбен несие алып, баспана ала алады. Бұл тұрғыда оның табысының көлемі маңызды болмайды", — деп хабарлады "Отбасы банкінің" баспасөз қызметі.
Салымның шарттары да қарапайым: жинақ үшін ең төменгі мерзім — 10 жыл. Бастапқы жарна — тұрғын үй құнының 50 пайызы, несие беру мөлшерлемесі — 2 пайыз.
"Сіз ақша жинауды бастаған уақыттан балаңыздың депозитіне 2 пайыз банктік комиссия және 20 пайыз жылдық мемлекеттің сыйақысы беріледі. Әрі төлем қабілеттілігін растау процедурасы жеңілдетілген. Бұл еңбек жолын енді бастауы себепті жалақысы төмен болатын жастарға тиімді", — делінген банк хабарламасында.
Баласы үшін депозитті тек оның ата-анасы немесе баланы қамқорлығына алған азаматтар ғана аша алғанымен, оған баланың жақын туыстары мен түрлі ұйымдар да ақша сала алады.
"Арнау" депозитін бөлуге немесе басқа депозиттерге қосуға болмайды. Сонымен қатар, оған басқа тарифтік бағдарламалардан ауысуға рұқсат жоқ", — делінген депозит шартында.