Ақтөбеде 36 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Қазір сәбилердің денсаулығы қалыпты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1986 жылғы әйел экстракорпоральді ұрықтандыру жолымен жүкті болған. 25 мамыр күні жүктіліктің 36-шы аптасында облыстық перенаталдық орталыққа жатқызылған.
Ал 27 мамыр күні кесарь тілігі жасалып, дүнеге үш ер бала келді. Есімдері — Қасым, Жомарт, Кемел. Қазіргі таңда сәбилердің денсаулығы қалыпты.