Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Сапасына шағымданған": Қарағанды облысында цементсіз қаланып жатқан үйдің құрылысы тоқтатылды

Әлеуметтік желіде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауылының тұрғындары видео жариялап, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан үйдің сапасына шағымданған. Сөздерінше, үйдің кірпіштері цементсіз қаланған. Бұл жағдайдан кейін Жаңаарқа ауданының әкімдігі көпқабатты үйге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Paryz.kzStan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Сапасына шағымданған": Қарағанды облысында цементсіз қаланып жатқан үйдің құрылысы тоқтатылды

Жаңаарқа ауданының тұрғыны жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлердің құрылыс алаңына барып, видео түсірген. Ол қабырғасы тұрғызылған нысанның үстіне шығып, кірпіштер еш бекітілместен, цементсіз қаланып жатқанын көрсетеді. Қазір видео әлеуметтік желіде таралып жатыр. 

Аудан басшылығы бұл жайтқа қатысты түсінік берді. 

"Әлеуметтік желілерде жарияланған көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын тексеру бойынша аудан әкімдігінің жанынан арнайы комиссия құрылды. Бүгін сағат 10:00-де аудан әкімінің орынбасары Айқын Елеусізов, құрылыс бөлімінің басшысы Тоқсан Бабасов, аудан прокурорының көмекшісі Мақсат Балташев, қоғамдық кеңес мүшесі Рабани Нұркеев, "Аmanat" партиясының хатшысы, аудандық депутат Өмірзақ Уалиев, сондай-ақ аудан тұрғыны Алмас Қайранбеков барып тексерді. Нысанның басында бас мердігер, техникалық қадағалау мамандары болмағандықтан, аталмыш мамандар шақырылып, қосымша кездесу жоспарланды. 

Құрылыс басында жүрген жауапты құрылыс жетекшісіне әзірше құрылысты тоқтату туралы тапсырма берілді", – деді Жаңаарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.