1 маусым күні - Балаларды қорғаудың халықаралық күні елордада «Менің атым Қожа» ескерткіші ашылады, деп хабарлайды Pary.kz, Halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл хабарды режиссер Абдолла Қарсақбаевтың ұлы Тоқтар Қарсақбаев айтты.
Қожаға арналған ескерткіш «Жетісу» саябағында қойылады.
Бұл – 1963 жылы талантты жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің желісімен «Қазақфильм» студиясы түсірген балалар фильмін көріп өскен талай адам үшін Балалар жылына, Балалар күніне арналған тамаша тарту болайын деп тұр.
Жаңа ескерткіш үлкенге де, кішіге де балалық шақты еске түсіретін қаладағы айшықты орындардың бірі болары сөзсіз.