Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

"Тісің берекелі болсын!": Апа баланың үстіне күрішті не үшін төккен?

Үлкен кісі баланың тісі ауырмай, тез шықсын деген мақсатта оның үстіне күріш шашып жатыр.

Әлеуметтік желіде тараған бұл ырымды көпшілік түсінбей дал, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап.

"Тісің берекелі болсын!": Апа баланың үстіне күрішті не үшін төккен?
Сурет: Exk.kz

Тісің берекелі болсын! Тек адал заттардан жеуді нәсіп етсін. Тістерің ауыртпай шықсын,

— дейді әйел ырымдап.

Желі қолданушылары қазақта мұндай ырым жоғын айтып, елге оралған қандастардың істеп жүргені деп топшылады. Енді бірі күріш емес, тары шашатын ырым барын жазды.

"Ырым деген сайын қазақтар неше түрлі жоқ ырымдарды шығарады", "Мұндайды көрмеппіз де, естімеппіз де", "Мүмкін қандастардың алып келген ырымдары болар.", "Тарыдай төгілсін дегенді естігем", "Мұндай ырым жоқ", — деп жазды желідегілер.